15 Маусым 2023, 17:00

Досым Сүлеев «Арақ шабыт шақырмайды» | Базарlike

Bazarlike жобасының кезекті санында белгілі ғалым, "Дос-Мұқасан" ансамбілінің негізін қалаушы Досым Сүлеев қонақта болды. Ғылым мен өнер тәрізді жолдары түйіспейтін қос саланы қос қанатына балаған Досым Сүлеев ғылымдағы жетістіктері "Дос-Мұқасанның" көлеңкесінде қалып қойғанын жасырмады. Ал топ мүшелері қазақ әндерін дәріптеу үшін түрлі құйтырқы әрекетке барған. КСРО аймағында кездесе бермейтін кей музыкалық аспаптарды қолдан жасауға мәжбүр болыпты. Алғашқы гонорар, хит әндердің шығу тарихы, цензура және контрабандалық қылмыс Bazarlike жобасының осы санында.

Бөлісу: