Жаңалықтар

Достық Үйіндегі түн көңілді өтті

Достық Үйіндегі түн көңілді өтті
02.07.2018 01:03 1940

Бұл жерде ағайынды Яушевтармен танысуларыңызға болар еді,  глюкофонда ойнауға және тосап пен құймақтың дәмін татып көруге мүмкіндік болды.

Осындай форматтағы іс-шара осымен үшінші рет өткізілді. Биыл ол Астананың 20 жылдығына және тұңғыш рет аталып отырған мейрам - Домбыра күніне арналды.

Ауа райының жаңбырлы болғанына қарамастан, қостанайлықтар Достық Үйіне жиналды. Мейрам туралы білмегендерді кіре берісте Жігіт пен Балуан қонаққа шақырды. Түн тура 19:00-да басталды.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Бибігүл Аққожина қонақтарға құттықтау сөзін жеткізіп, іс-шара Достық Үйінің  нышанына айналуын тіледі.

Фойеде концерттік бағдарламадан бөлек, қостанайлық шеберлердің мерекелік жәрмеңкесі жүрді. Мұнда Бәйтерек түріндегі пірәндік, Астананың 20 жылдығы нышанымен әдемі түйреуіштерді, түрлі-түсті орамға оранған Астананың көріністерімен кәмпиттерді сатып алуға мүмкіншілік жасалды.

Баспалдақта Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжі студенттерінің және «Карнавал» ателье атынан әдемі ұлттық киімдер жайғастырылды. Екінші қабатқа көтерілетін жерде қонақтарды ерекше музыкалық аспап – глюкофонмен музыканттар қарсы алды.

«Бұрын оны газбаллоннан жасаған, бірақ уақыт өте келе алюминий негізіндегі жеңіл қорытпалар пайдалана бастады», – дейді Владислав Каптел. Аспаптың дыбысы оның «тілдерінің» мөлшері мен формасына байланысты.

Глюкофонның жанында бойды тақиямен өлшеп, балалар аквагримге шаттанды.

Құрылғанына биыл 20 жыл толатын орыс қауымы қонақтарды би, тосап, әнмен қарсы алды. Мұнда шытырман екі сұраққа жауап беріп, 14 түрі бар тәтті тағамдардың, соның ішінде жасыл грек жаңғағы мен тернаның дәмін татып көрді. Сондай-ақ қонақтарға  құймақтарды жылдамдықпен жеуге және ботқаны  дәміне қарай табу ұсынылды.

Кәріс қауымы келушілер үшін екі шеберлік сынып дайындаған: «кимпаб» және оригами дайындау. Кәріс ролының дәмін татуға ниеттілердің көп болғаны соншалық, іс-шара басталғаннан кейін көп ұзамай барлық тағам желініп қойылды.

Ескі кино әуесқойлары үшін поляк қауымында облыстық кинобейнелерді жалға беруімен 1981 жылы түсірілген  «Қош бол, Медеу» фильмі көрсетілді.

 

Яушев ағайындылары өз қонақтарын ең алыс бөлмеде күтті. Абдулвали және Муллагали жұбайы Мафтухамен барлық келушілерді қарсы алды, ал гид Дарья Митина олардың көпес отбасылық тарихын айтып берді.

Муллагалидің әйелі рөлін татар-башқұрт ЭМБ «Дуслык» белсенді мүшесі Виктория Султаншина орындады.

«Бұл мен үшін ерекше  үлкен тәжірибе», – дейді ол. – Актер болу оңай емес. Өте ұнады, адамдар тарихқа қызығушылық танытты, көптеген сұрақтар қойды, кейбіреулері тіпті бұрын Яушевтарға қызмет еткендерін айтты. Мұндай пікірлер, әрине, өте қызық.

Биыл 25 жасқа толып отырған еврей қауымы, қонақтарды аты аңызға айналған Торы мен ерекше музыкалық аспап – шофар, басқа да экспонат көрмесімен тамсандырды. Ол қасиетті болып саналады және оның дыбысын  тек мерекелерде ғана тыңдауға болады.

Көрме залында президент Нұрсұлтан Назарбаевқа және Астананың 20 жылдығына арналған үлкен экспозиция қойылды. Залдың құрметті орнында  Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің мақтанышы «Алтын адам» орналасты. М. Ишан мешітінің қызметкерлері өз экспонаттарын ұсынды. Олар ескі 125 жылдық құран  кітабын және бірегей ағаш таспиғын әкелді.

Армян қауымында пирография және бисермен тоқу бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін Қостанай балалар орталығы шеберлік сыныбын өткізді. Мұнда қонақтарды жазушы, ақын, балалар кітаптарының авторы Александра Суслова қарсы алды. Бұл кеште сол көп кітаптың біреуі «Солнце на ресничках»  Достық Үйінде келушілерге ұсынылды.

Жанында өз аттарын, кәріс, армян және араб тілдерінде жазуға, сондай-ақ  белгілі қостанайлық профессор Юрий Бондаренкомен дойбы ойнауға, әдемі де, сәнді керемет өзбек, тәжік ұлттық киімдерін киюге мүмкіншілік болды.

Мереке ҚХА Достық Үйінің вокалдық ансамблінің тамаша өнерімен аяқталды. Көрермендер әртістермен бірге би билеп, ән салды. Қонақтар жақсы көңіл-күй үшін алғыстарын айтып қоштасты және болашақта  қостанайлықтарды Достық Үйіндегі түн қуанта берсін деген тілектерін айтты.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға