Жаңалықтар

Достық – баға жетпес байлық

Қызылордада Қазақстандағы Өзбекстан жылын қорытындылау аясында мерекелік іс-шара өтті.
Достық – баға жетпес байлық
22.12.2018 03:45 3332

Қызылордада Қазақстандағы Өзбекстан жылын қорытындылау аясында мерекелік іс-шара өтті.

Достық үйінде ұйымдастырылған «Достық – баға жетпес байлық» мерекесіне облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының құрылымдары, облыстық этномәдени бірлестік жетекшілері мен мүшелері, , «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері қатысты.

Мерекелік кешті облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов құттықтау сөзбен ашып, ұлтаралық достықтың нығаюына сүбелі үлесін қосқан бес азаматты өңір басшысының алғыс хатымен марапаттады.

Іс-шара аясында өзбек ұлттық нақышын айқындайтын қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, қонақтарға арнайы әзірленген бейнероликтер де көрсетілді.

Сыр еліндегі он бір этномәдени бірлестіктің ішінде өзбек ағайындардың орны ерекше. Өз тілін, салт-дәстүрі мен мәдениетін нығайтуда бірлестік мүшелері үлкен белсенділік танытуда, осы жылы олар Сыр өңірінде 20-ға жуық іс-шара ұйымдастырды.

Концерттік бағдарламада облыстық филармония өнерпаздары мен Түркістан облысынан арнайы шақырылған шығармашылық ұжым өнер көрсетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға