Жаңалықтар

Досай Кенжетай: «Күресеміз деп исламды құбыжыққа айналдырып алмауымыз қажет»

«Жастар арасында радикалды идеология таралуының алдын алу: әдіс-тәсілдері және жолдары»
09.11.2016 08:58 4764

Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы «Ұлағат» мәдениет және даму қорымен бірлесіп, «Жастар арасында радикалды идеология таралуының алдын алу: әдіс-тәсілдері және жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 Досай Кенжетай: «Күресеміз деп исламды құбыжыққа айналдырып алмауымыз қажет»

Аталмыш дөңгелек үстел еліміздегі және жалпы әлемдегі діни-саяси жағдайдың дамуы мен жастар арасында жүргізілетін алдын алу шараларының маңызды аспектілерін көрсету үшін ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел жұмысында сараптамалық, ғылыми-академиялық салалар мен мемлекеттік қызмет, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Олардың ішінде елімізге белгілі философия және теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетай студенттерге түсіндірме дәріс оқыды.

 Досай Кенжетай: «Күресеміз деп исламды құбыжыққа айналдырып алмауымыз қажет»

Досай Кенжетай, профессор:

— Біздер бүгін дін және жастар деген құбылыс тұтастанып кеткен дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Қазақстанда ғана емес, жалпы бүкіл ғаламда дін тануға деген ұмтылыс өте жоғарғы деңгейде. Сондықтан елімізде жастық максимализммен екі-үш кітап оқып алып дін жайлы айқайлап жүретін жастар жоқ емес. Олардың көбі әлеуметтік желіде аса белсенді. Жақында орын алған оқиғалар бұл мәселелердің өте маңызды екенін көрсетіп отыр. Онымен мемлекеттік деңгейде айналысу қажет. Дегенмен біз күресеміз деп исламды құбыжыққа айналдырып алмауымыз қажет (террористермен. Ред.). Елбасымыз «Терроризммен күресеміз деп, исламмен күресіп кетпеңіздер» - деп, өте жақсы ескерту айтқан еді. Сондықтан ғылыми таныммен өлшенбеген кез-келген шешім — уақытша шара.

Досай Тұрсынбайұлының айтуынша жақында ғана сот үкімі шыққан террорист Руслан Кулекбаевтың сотта айтқан сөздерін БАҚ өкілдері жарыса жариялағаны дұрыс болмаған. Профессордың айтуынша ондаған адамның өмірін қиған жауызды халыққа қаһарман етіп көрсеткен ақпараттық қауіпсіздік тұрғысынан дұрыс емес.

 Досай Кенжетай: «Күресеміз деп исламды құбыжыққа айналдырып алмауымыз қажет»

Дін атын жамылған экстремизм мен терроризмнің қаупі күннен күнге артып келе жатқандығы белгілі, сонымен қатар, бұл мәселе Қазақстан аумағын да айналып өткен жоқ. Дөңгелек үстел қатысушылары көпконфессиялық және көпэтникалық қоғам шеңберінде зайырлылық ұстанымы және радикалды ағымдарға тән негізгі белгілер, экстремистік ұйымдар мен ағымдардың алдын алу және оларға қарсы күресу шаралары туралы талқылады.

«Қазақстандық қоғамның тұтастығын сақтау жөніндегі мәселелер бүгінгі күні мемлекеттің әрбір азаматының алдында тұрған міндет. Қазақстан жастарының деструктивті ағымдарға қарсы иммунитетін қалыптастыру жат идеологиялардың алдын алу үшін маңызды екенін ескерген жөн» - дейді, дөңгелек үстелге жиналғандар.  Сонымен қатар, дөңгелек үстел қатысушылары студенттердің қазіргі заманғы радикалды ағымдар мен топтардың  қызметіне қатысты қойылған сұрақтарына толық жауап берді.

 Досай Кенжетай: «Күресеміз деп исламды құбыжыққа айналдырып алмауымыз қажет»

Дөңгелек үстелдің қорытындысына сәйкес қатысушылар жастар арасында алдын алу шараларын жүргізудің негізгі мәселелерін атап өтті, болашақ уақытта құзіретті ұйымдарға ұсынылатын және олардың тарапынан іске асырылатын ұсыныстар жасалынды.


Рүстем ӘЛПИ 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға