Жаңалықтар

Дорама, аниме, Netflix. Жастардың 12,3 пайызы ғана отандық туындыны көреді

Дорама, аниме, Netflix. Жастардың 12,3 пайызы ғана отандық туындыны көреді
Фото: ©El.kz/Миражан МАХАН 25.01.2024 13:23 1307

«Жастар» ҒЗО директоры Айсұлу Ерниязова жастар әлеуметтік желіде қандай контентті жиі көретінін айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, фильм мен сериал елдің мәдениеті мен тарихын көрсететін бірден бір құрал. Ол құрал әлемде кеңінен тараған.

Айсұлу Ерниязова жастардың қай индустрияның фильмдерін жиі көретініне тоқталды.

Netflix, HBO – 37,8 %;

Кореялық дорама – 22,4 %;

Азиялық кино – 17, 4 %;

Жапондық аниме, манго – 16,0 %;

Түрік сериалдары – 22,1 %;

Marvell сериалдары мен комикстер – 15,1 %;

Ресейлік фильмдер мен сериалдар – 10,8 %;

Отандық фильмдер мен сериалдар – 12,3 %;

Фильмдер мен сериалдарды көргенді ұнатпайтындар – 11,0 %;

Бұл әрине түсінерлік жағдай. Себебі, бізде қандай сериалдар түсіретінін және қандай отандық контенттер ұсынатынымыз түсінікті. Қалаулым, Qoslike бағдарламалары сияқты. Кеше ғана Оқу-ағарту министрлігінің кеңесшісімен кездескенде балалардың қызығушылығын талқыладық. Айтуынша, 12 жасар қыз баласы кореялық дорама көрсе, ұл бала америкалық фильмдер көреді. Бізге отандық жастар контентіне үлкен көңіл бөліп, күш салу керек, - Айсұлу Ерниязова.

Айтуынша, әлеуметтік желіні пайдаланатын жастар 40,9 пайызыды кұрайды. Шығармашылықпен айналыспайтын жастардың қатары артқан. Жастардың 25 пайызы кітап оқыса, 16,8 пайызы мұражай мен театрға жиі барады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға