Жаңалықтар

Донор болғандарға 923 теңге төленеді. Бұл сома жеткіліксіз – сенатор Ақмарал Әлназарова

Донор болғандарға 923 теңге төленеді. Бұл сома жеткіліксіз – сенатор Ақмарал Әлназарова
Фото: © Pixabay.com 25.01.2024 12:39 1333

Сенатор Ақмарал Әлназарова өзінің депутаттық сауалында Қазақстанда қан донорларын қолдаудың кемдігі туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сенатордың айтуынша, елімізде жыл сайын 250 мыңға жуық адам донор болады, оның 47%-ы тұрақты донор болып табылады. Донор болған жан қан бергеннен кейін дененің энергия шығынының деңгейін толтыруы керек. Ол үшін донорларға арнайы төлем – 0,25 АЕК төленеді. Алайда депутат Әлназарова бұл сома адамның микроэлементтер мен калорияға деген қажеттілігін қалпына келтіру және анемияның алдын алуға тым жеткіліксіз екенін айтты.

Ерікті донорлардың денсаулығы тиісті түрде қолдауды қажет етеді. Ұсыныстарға сәйкес, донор қан тапсырған күні анемияның алдын алу үшін тиісті рационда тамақтанып, жоғалтқан килокалория мен микроэлементтердің орнын толтыруы керек. Қазіргі уақытта қан доноры қан берген кездегі күш-қуаты шығынының өтемақысы ретінде 0,25 АЕК алады. Бұл мәселе 10 жыл бойы бірнеше рет көтерілді, бірақ ешқандай назар аударылмай келеді, – деді депутат Ақмарал Әлназарова.

Сенатор Үкіметтен донорларға өтемақыны 0,25-тен 1,25 АЕК-ке дейін тиісті түрде ұлғайту мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға