Дональд Трампке журналисті зорлады деген айып тағылды
10.05.2023 10:45
Фото:
©AP/Evan VUCCI
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп журналист және жазушы Джин Кэрролды зорлағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
CNN хабарлауынша, қазылар алқасы 1996 жылдың көктемінде Кэррол саясаткер тарапынан зорлыққа ұшыраған деп тапты.
Сот Трампты азаматтық сот ісін реттеу аясында әйелге қысым жасағаны үшін 2 миллион доллар өтемақы төлеуге міндеттеді. Одан бөлек, экс-президент Кэрролға жала жапқаны және оның беделіне нұқсан келтіргені үшін тағы 3 миллион доллар аударуы тиіс.
Трамптың өзі журналист Джейн Кэрролды зорлады деген айыптауды жоққа шығарды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

