Жаңалықтар

Домбыра челленджіне миллионға жуық оқушы қатысты

Домбыра челленджіне миллионға жуық оқушы қатысты
Фото: t.me/almaty_akimat 17.03.2023 18:54 1296

Еліміздің жеті мың білім беру ұйымында бір мезгілде «Балбырауын», «Адай» және «Сарыарқа» күйлері орындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, музыка, әсіресе домбыраның әуезді үні барлық ұлттарды жалпыадами құндылықтар - толеранттылық, төзімділік, бірлікке үндеп, бір арнаға тоғыстырады. Және өскелең ұрпақтың өз тарихы мен өнерін үйренуге деген ұмтылысы мен қызығушылығын оятады.

Домбыра — мәдениетіміздің негізгі символдарының бірі, ұлттық құндылығымыз. Біздің оқушыларымыз, балабақшаның кішкентай тәрбиеленушілері, колледж студенттері ұлттық аспапта ойнауға белсенділік танытқаны қуантады. Бүгін домбыраның шанағынан төгілген үн еліміздің әр өңірінде әуеледі. Оқушылар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұраны сақтап, одан әрі жалғастырады деп сенемін»,— деді Ғани Бейсембаев.

Челлендж соңында Оқу-ағарту министрі елордадағы Д. Қонаев атындағы № 66 мектеп-лицейінің оқушыларымен бірге күй орындады. «Наурыз мейрамы» мерекелік эстафетасына миллионға жуық қазақстандық оқушы қатысты. Ең кішкентайы-Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы «Ақбота» балабақшасының тәрбиеленушілері.

Естеріңізге салсақ, биыл «Наурыз мейрамы» еліміздің барлық мектептерінде 10-17 наурыз аралығында өтеді. Бұл күндері жалпы республикалық «Таза табиғат» акциясы, «Жасыл үй» челленджі, «Қайырымды ұлт», «Қолөнершілер жәрмеңкесі» қайырымдылық шарасы, ұлттық тағамдар фестивалі мен ұлттық ойындар мерекесі болады.

«Наурыз – ұлыстың ұлы күні» суреттер байқауы, «Отбасы – бақыт мекені» атты отбасылық жарыс ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерде #Наурызмейрамы #Наурызкүйі хэштегімен флешмоб, челлендждер жүргізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға