Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті
08.09.2022 16:02
777
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды El.kz.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар құны 0,67 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағасы - 473, 18 теңге.
Ұлттық банктің 8 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 473, 10 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллар 475 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 479 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 473,5 теңгеден болса, сатып алу – 477,5 теңге.
Ресей рублі 7,35 - 7, 55 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға