Доллар мен рубль қымбаттап жатыр
24.06.2022 11:32
Қазақстан қор биржасында доллар мен Ресей рублінің теңгеге шаққандағы бағамы өсті, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,9 – 8,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал Нұр-Сұлтанда 7,85 – 7,95 теңге аралығында құбылып тұр. Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 465- 469 теңгеден сатылып жатыр.
Алматыда доллар бағамы 468 - 474 теңге аралығында саудалануда. 23 маусымдағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы бірден 10,79 теңгеге қымбаттап 465, 15 теңге болды. Ұлттық банктің 24 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 464, 81 теңге.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

