Жаңалықтар

Доллар тағы қымбаттады

Доллар тағы қымбаттады
Фото: Pixabay.com 26.06.2023 16:41 911

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

KASE-дегі күндізгі сауда нәтижесіне сәйкес, доллар 2,84 теңгеге қымбаттап, бір АҚШ долларының орташа құны 450, 06 теңге болды.

Ұлттық банктің 26 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 447,05 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,32 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 448 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 451 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 450 теңге, сатып алу – 454 теңге.

Ресей рублі 5,15 – 5, 39 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға