kurstt

Доллар тағы да қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) бүгінгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы 0,11 теңгеге өсіп, орташа есеппен 530,07 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 530,15 теңге, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Алматы қаласындағы ақша айырбастау орындарында:

  • доллар шамамен 531,49 теңгеден сатып алынып, 533,61 теңгеден сатылуда;
  • еуро бағамы 614,53 – 619,12 теңге аралығында;
  • рубль 6,52 – 6,64 теңге деңгейінде;
  • юань 75,23 теңгеден сатып алынып, 77,92 теңгеден сатылуда.

Астанадағы айырбастау пунктерінде бағамдар келесідей:

  • доллар — сатып алу 529,62 теңге, сату 535,62 теңге;
  • еуро — сатып алу 612,65 теңге, сату 619,67 теңге;
  • рубль — сатып алу 6,50 теңге, сату 6,65 теңге;
  • юань — сатып алу 75,83 теңге, сату 79,48 теңге.