Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы төмендеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сауда нәтижесінде АҚШ валютасының орташа бағамы 1,52 теңгеге арзандап, 518,40 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 519,98 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматыдағы айырбастау пунктерінде:
- доллар 518,70 теңгеден сатып алынады, 520,49 теңгеден сатылады;
- еуро - 597,74 - 602,31 теңге;
- рубль- 6,48 - 6,59 теңге;
- юань - 73,64 теңгеден сатып алынып, 76,15 теңгеден сатылады.
Астанадағы айырбастау орындарында:
- доллар: сатып алу - 517,46 тг, сату - 522,46 тг;
- еуро: сатып алу - 596,50 тг, сату - 603,59 тг;
- рубль: сатып алу - 6,50 тг, сату - 6,60 тг;
- юань: сатып алу - 74,55 тг, сату - 78,66 тг.
Еске сала кетейік, 24 қарашадағы күндізгі сауда-саттық нәтижесі бойынша доллар бағамы 1,05 теңгеге қымбаттап, 519,98 теңге болған еді.

