Жаңалықтар

Доллар күрт қымбаттады: теңгенің әлсіреуіне не себеп?

Доллар күрт қымбаттады: теңгенің әлсіреуіне не себеп?
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 17.08.2023 17:17 1145

Қазақстанда доллар күрт қымбаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екі күн ішінде ұлттық валюта бағамы айтарлықтай арзандады. 15 тамызда KASE-де сауда-саттық $1 үшін 449,48 теңге деңгейінде жабылды, ал 16 тамызда теңге $1 үшін 463,19 теңгеге дейін әлсіреді.

Тәуелсіз экономист Эльдар Шамсутдиновтің пікірінше, бұл мұнай сатудан түскен экспорттық кірістің ықтимал төмендеуіне (барреліне 83,92 доллар) және бюджет шығындарының өсуіне байланысты.

Қаржыгер Расул Рысмамбетов LS-ке берген сұхбатында ұлттық валютаның арзандауына бірнеше факторлар ықпал еткенін жеткізді.

Бұған рубльдің әлсіреуі, теңге арзандады деген корпоративтік сектордың күтілуі. Компаниялар осы күзде облигациялар бойынша купондарды өтейді. Сонымен қатар, мемлекет әлеуметтік төлемдер есебінен теңге массасының ұлғаюы орын алды. Менің ойымша, бағамның $1 үшін 480 теңгеге жетуі екіталай. Алайда теңге саясатының әлсіреуінде қаншалықты экономикалық мән барын түсіну қажет. Алда валюта нарығындағы күрт ауытқуларға мүдделі емес Ұлттық банктің реакциясын күтеміз. Қалай болғанда да, күз – бұл инфляцияның баяулау кезеңі, валютаға сұраныстың төмендеуі, әсіресе демалыс кезеңі аяқталарда, – деп есептейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың тамыз айында Қазақстан үкіметі 2023-2027 жылдарға арналған экономиканы дамытудың үш сценарийін қарастырған болатын. Сонымен, базалық сценарий бойынша доллардың есеп айырысу бағамы $1 үшін 470 теңге, оптимистік жағдайда – $1 үшін 440 теңге, пессимистік жағдайда $1 үшін 500 теңге деңгейінде көтеріледі деп болжанған.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының талдаушысы Зарина Скрипченко LS-ке қаржы нарығының сарапшылары 12 ай ішінде ұлттық валютаның $1 үшін 474,2 теңгеге дейін қалыпты әлсіреуін күтетінін айтты. Оның айтуынша, теңге бағамының динамикасы мұнай бағамдарына, АҚШ федералды резервтік жүйесімен Ұлттық банктің монетарлық саясатына байланысты болады. Сондай-ақ, төлем балансының ағымдағы шотының жай-күйі және қазақстандық валюта нарығын тұрақтандыру жөніндегі шаралар әсер етуі мүмкін.

AERC компаниясында шілдедегі шолуында USD/KZT жұбының бағамы 2023 жылы $1 үшін 445,3 теңге деңгейінде күтілетіні хабарланды. Алдыңғы бағалаумен салыстырғанда сарапшылар доллардың өзінің әлсіреуі мен Ұлттық қордан аударылатын трансферттер арқылы ұлттық валютаны одан әрі қолдауға байланысты өз болжамдарын теңгенің нығаюына қарай өзгертті.

Ағымдағы жылдың соңына қарай Halyk Finance теңгенің $1 үшін 475 теңге деңгейінде әлсіреуін болжап отыр. Сарапшылар мұны елдегі жоғары инфляциямен, базалық мөлшерлеменің төмендеуімен және экспортқа қарағанда импорттың жылдам өсуімен байланыстырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға