Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 10 желтоқсанға арналған шетел валютасы бойынша күндік сауда қорытындыланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сауда нәтижесі бойынша доллардың орташа салмақталған бағамы 518,39 теңге болып, тағы 3,5 теңгеге өсті.
Ресей рублі 6,70 теңгеге көтерілді (+0,01).
Қытай юанінің бүгінгі бағамы 73,41 теңге болды (+0,72).
Айырбастау пункттерінде доллар 518,9–521,5 теңгеден, еуро 601,1 - 606,8 теңгеден, рубль 6,54-6,67 теңгеден сатып алынып, сатылуда.
Әлемдік мұнай бағасы 10 желтоқсан саудасында өсім көрсетуде.
Brent маркалы мұнайдың ақпан айына арналған фьючерстерінің бағасы 0,13% өсті, баррель үшін 62,02 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 514,74 теңге, еуро - 599,36 теңге, рубль - 6,71 теңге деп белгіледі.

