kurs.kz

Доллар бағамы тағы да төмендеді

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың бағасы күтпеген жерден төмендеп, 499 теңгеге түсті. Бұл 2025 жылдың наурыз айынан бергі ең төмен көрсеткіш. Таңертеңгі саудада доллар бірден 4 теңгеге арзандады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Соңғы рет америкалық валюта 500 теңгеден төмен болғаны 8 наурыз күні тіркелген еді.

Мамандардың айтуынша, доллардың мұндай төмендеуі уақытша болса да экономикалық күтулерге әсер етуі мүмкін. Баға өзгерісі импортқа, техника мен көлік құнына және валютаға тәуелді басқа да салаларға ықпал етеді.

Ал доллардың алдағы бағыты сыртқы нарықтағы жағдайға, шикізат бағасына және ел ішінде шетел валютасына деген сұранысқа байланысты болады.

Бұған дейін, Қазақстанға 400 миллион доллар бөлінгенін хабарлаған едік.