Жаңалықтар

«Доллар бағамы – 500 теңге». Бұрынғы министр теңгенің ахуалына қатысты жауап берді

«Доллар бағамы – 500 теңге». Бұрынғы министр теңгенің ахуалына қатысты жауап берді
Фото: ©El.kz/Арман Мухатов 20.11.2024 11:37 126

Доллар бағамы 500 теңгеге жетті, бұл уақытша жайт па, әлде қалыпты ма? Бұл сауалға сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс кулуарында тілшілер бұрынғы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтан долларға қатысты ойын сұрады.

Меніңше, бұл уақытша жағдай. Бұған дейін біреулер доллар 600 теңге болады деп болжаған. Бірақ ондай болған жоқ. Теңге – тұрақты валюта. Сондықтан эмоцияға берілмей, Қазақстанның дамуы жолында бірге жұмыс істейік, - деді ол.

Тілшілер қауымы АҚШ билігінің басына Дональд Трамптың оралуы Қазақстанның инвестициялық ахуалына қалай әсер ететінін де сұрады.

Америка – өте үлкен ел, біздің ірі инвесторларымыздың бірі. Тартылған инвестициялар жағынан екінші орында тұр. Тәуелсіздік жылдары 60 миллиардқа жетті, Трамп бұған дейін де президент болған, алайда инвестиция көлемі азайған жоқ, - деді Қуантыров.

Әлібек Қуантыров 2022 жылғы қаңтардан 2024 жылға ақпанға дейін Қазақстанның ұлттық экономика министрі болды. Ал 2024 жылғы шілдеде сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға