Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Кешкі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 3,03 теңгеге төмендеп, 1 доллар 466, 98 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 22 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 470, 28 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 466,5 теңге, сатып алу – 469,5 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 465,8 теңгеден болса, сатып алу – 468,8. Ресей рублі 6,25 – 6,44 теңге аралығында саудаланып жатыр. ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 22 желтоқсан күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 6,66 теңге болды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

