Жаңалықтар

Докторантураға түскен грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Биыл докторантураға түсуге үміткерлер әңгімелесуден өтіп, эссе жазды
Докторантураға түскен грант иегерлерінің тізімі жарияланды
Фото: news.arsu.kz 25.08.2022 10:00 1532

Ұлттық тестілеу орталығы докторантураға сынақ тапсырғандардың жинраған ұпайының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды El.kz

Докторантура емтиханының нәтижесін мына сілтемеден жүктеп алуға болады.

«Қосымша ақпарат бойынша құжат тапсырған ЖОО-ға жүгіне аласыздар», -  деп ескертті тестілеу орталығы.

Биыл докторантураға түсуге үміткерлер әңгімелесуден өтіп, эссе жазды, сондай-ақ оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан тапсырады.

Сонымен қатар докторантураға түсу үшін шет тілін және Қазтест жүйесі бойынша (Қазтест емтиханын 25 тамызға дейін тапсыруға болады) мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат болуы міндетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға