Дмитрий Панарин Cameron International Challenge 2025 турнирінің күміс жүлдегер атанды
26.08.2025 19:10
Фото:
Қазақстан бадминтон федерациясы
Қазақстандық бадминтоншы Дмитрий Панарин Камерунда өткен Cameron International Challenge 2025 жарысында ерлер арасындағы жекелей сында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Турнир барысында Панарин сенімді әрі тұрақты ойын көрсетіп, жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді. Сондай-ақ, жұптық санатта Махсут Тәджібуллаевпен бірге ширек финалға дейін жетті.
Бұл қазақстандық спортшылардың соңғы айдағы екінші табысы болып отыр. Бұған дейін Панарин мен Тәджібуллаев JE Wilson Ghana International 2025 турнирінде қола жүлдеге ие болып, еліміздің атын әлемдік аренада асқақтатқан еді.
Осылайша қазақстандық бадминтон халықаралық деңгейде өзінің үздік нәтижесін көрсетіп отыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

