ҰОК

Дмитрий Панарин бадминтоннан Бангладеште алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық Дмитрий Панарин бадминтоннан Даккада (Бангладеш) өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Отандасымыз жекелей сында үздік нәтиже көрсетті. Финалда Панарин Малайзия өкілі Мохаммад Рушданды 2:1 есебімен жеңді (21:17, 14:21, 21:10).

Айта кетейік, жартылай финалда Дмитрий Конг Чжоу Суинді (Малайзия) 2:0 есебімен ұтқан болатын.