Жаңалықтар

Дизельді қымбаттатқаны үшін 2,9 млн теңге айыппұл төледі

Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Дизельді қымбаттатқаны үшін 2,9 млн теңге айыппұл төледі
Фото: ашық дереккөзден 02.09.2022 04:31 964

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті дизель отынын бөлшек сатушыға қатысты тергеу жүргізді, деп хабарлайды EL.KZ агенттікке сілтеме жасап.

Нәтижесінде департамент "Мұнай Трейд kst" ЖШС әрекеттерінде Кәсіпкерлік кодексінің тармақшасын бұып, 2021 жылғы қыркүйек пен қазан аралығындағы кезеңде дизель отынын бөлшек саудада өткізуді негізсіз шектеу фактілері болғанын анықтады.

Қостанай қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған сотының қаулысымен "Мұнай Трейд kst" ЖШС-на 1 762 654 теңге мөлшерінде монополиялық табысы тәркіленіп, 2 709 201 теңге сомасына айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысы заңды күшіне енді. Департамент мұнай өнімдерін сатумен айналысатын барлық бизнес субъектілеріне Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының нормаларын сақтау қажеттігін ескертеді - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға