Жаңалықтар

Дизель отыны мен алкогольді заңсыз сатқандар ұсталды

Атырау облысында акцизделетін өнімдердің заңсыз саудасының жолы кесілді
Дизель отыны мен алкогольді заңсыз сатқандар ұсталды
Фото: ашық дереккөз 04.07.2022 20:22 961

Атырау облысының Жылыой ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы екі азаматтың заңсыз қылмысын әшкереледі, деп хабарлайды El.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Атырау облысының Жылыой ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2022 жылдың маусым айында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралар жүргізіп, нәтижесінде 2 жеке тұлғаның 1300 литр алкоголь өнімдерін және 2500 литр дизель отынын заңсыз жолмен сатқанын анықтады.

«Іс материалдары Жылыой аудандық сотына жолданды. Жалпы ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Атырау облысында 139 мың литр дизель отынының, 338 мың литр жанармайдың, 4 мың литр алкоголь өнімдерінің және 260 қорап темекі өнімдерінің заңсыз саудасының жолы кесілді», - деп жазды ведомстводан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға