Жаңалықтар

Дирижерлық – екінің бірі меңгере алмайтын элита мамандық

Дирижер үшін түрлі аспапта ойнау емес, оркестрді есту қабілеті ең маңызды рөл атқарады.
Дирижерлық – екінің бірі меңгере алмайтын элита мамандық
Фото: El.kz 16.11.2022 18:28 2523

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының симфониялық оркестрінің бас дирижеры Ерлан Бейсембаевпен сұхбат.

– Үлкен оркестрді басқару, халықтың көңілінен шығатын туынды орындау оңай іс емес, дирижердің бойында қандай қасиеттер болу керек?

Бұл сұраққа бірден жауап беру оңай емес. Риханш Траустың сөзімен айтқанда, «дирижердің кім екенін түсіну үшін 70 жыл өмір сүру керек немесе өміріңді соған арнау керек». Тіпті ол да аз болуы мүмкін.  Әрине, әр кәсіптің өз қиындықтары болады. Дирижер болуға терең еңбек пен үлкен күш керек. Дирижер тек қана басқарушы емес, өнермен тығыс байланыстағы адам. Өнерден толық хабары бар, үнемі шабыт үстінде жүретін, рухани бай адамды дирижер деп айтуға болатын шығар.

– Мықты дирижер болу үшін қанша аспаптың тілін меңгеру керек?

Әрине, музыкалық тәжірибесі болу керек, себебі оркерстрде аспап көп. Тым болмағанда негізгі инструменттерден фортепиано мен жанды оркерстрден хабары болу керек. Оның бәрін университетте жалпы білім алу барысында үйретеді.

Дирижерлық – екінің бірі меңгере алмайтын элита мамандық

– Сіз өзіңіз неше аспабта ойнап аласыз?

Тромбон, труба,  фортепиано, жас кезімде кларнет скрипкада ойнағанмын. Барлық аспабта шебер ойнуй мүмкін емес, дегенмен бастапқы білімім бар. Студенттік күндерден бастап үйренген аспабтарым бар. Дирижер үшін түрлі аспапта ойнау емес, оркестрді есту қабілеті ең маңызды рөл атқарады.

– Өз кәсібіңізді қалай бастадыңыз? Дирижер болуды бала кезден армандадыңыз ба?

Мен 1995 жылы Павлодарда Чайковский колледжінде оқып жүргенде басталдым десем болады. Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуге балаға» деген сөз бекер айтылмаған. Дирижер болу менің кішкентай кезімнен армандаған мамандығым деп айта алмаймын.  Дегенмен менің өмірімде кездескен ұстаздарымның маңызы зор. Сол кісілердің ішінде Виктор Григоревич Шамялов  маған берген тәлім тәрбиесіне алғысым шексіз. Ең бастысы әр маман, әр оқытушы білім беру барысын?! Сол білімді өнер сүйгіш ұстаздарымның арқасында төртінші курста оқып жүргенімде оркестр басқарып үйрену барысында түсіндім. Сол кезде «мен дирижер боламын» деген шешім қабылдадым. Содан бері осы күнге дейін сол кәсіпті игеріп келемін. 

– Өзге елдегі көрермендермен біздің елдің өнер сүйер қауымының ерекшелігі бар ма? Сіз оны қалай сезінесіз? Бізде қаншалықты дамыған деуге болады?

Әр елдің өзіндік мәдени тарихы бар. Италияда мәдениет бізге қарағанда біршама дамыған. Оны үлкен сахнаға арналған оркестрлерлік аспабтардағы ерекшеліктерден де байқауға болады. Ал сахнаға оралсақ  бұл шындық пен шынайы өнер. Себебі көрермен бәрін біліп, сезіп отырады. Көрерменді алдай алмайсың. Станиславский айтқандай, «өнер тіл мен ұлтты таңдамайды». Аспап пен халық алдында біз сөйлейміз, сондықтан көрерменге өтірік айтпай сахнада шынайы өнер көрсетсең өнер адамы үшін ең маңызыдысы сол.  

Дирижерлық – екінің бірі меңгере алмайтын элита мамандық

– Біздің елдегі топ жарған бес метрді атай аласыз ба?

Қазір техника да жастар да дамып келеді. Бірақ мен тәнті болған кісілердің біразы өкінішке қарай өмірден озып кетті. Валерий Рутрь, Фуат Мансуров, Жалғау Ташкалиев, Нұрғиса Тілендиев, Ахмет Жұбанов, ол 1920-жылы Мәскеуде ең бірінше дирижер  мектебін ашқан.  Сондай-ақ өзім білім алған ұстазым Төлепберген Абдрашов. Ол кісі Алматыда ұзақ уақыт мемлекеттік оркестрді басқарды.

– Білуімше оркестрді аспаптармен қаматамыз ету оларға қызмет көрсету тым қымбат көрінеді...

Талқылауға келмейтін бір тақырып болса, ол оркестр аспабы десем артық айтқаным болмас. Ең арзан дегені 3000 доллар тұрады. Таза ағаштан, қоладан жасалған аспаптар одан да қымбат, шамамен 5-10  миллионға жетеді. Одан қалса біздің елде арнайы аспап жөндейтін шеберханалар да жоқ. Кейбір аспаптарға ерекше күтім керек. Мысалы бір аспабтармен ылғалда ойнауға болмайды, тек жылы температура керек. Осының барлығын ескере отырып музыканттар аспабтарын балаша мәпелеп ұстайды. Жұмыс барысында өзім де қадағалаймын. Себебі, симфония оркестрінің музыкантына қолындағы аспаптан қымбат ештеңе жоқ.

– Жұмысыңызда қандай қиыншылықтар кездеседі?

Біздің жұмыстың өзіндік қиындығымен қызығы бірге жүрді. Күнделікті дирижер жұмысы ол дайындық. Мысалы, түрлі оркестрмен, ұжымдармен жұмыс жасаймыз. Әр ұжымның көңілін таба білу керек. Небір жас әріптестер немесе скрипка орындайтын әртіс болсын, сахна алдында қобалжиды. Оны дирижер қолдай білу керек. Марвинский айтқандай, «сахнаға шығар алдында қобалжу өте орынды, егер қобалжымай өзін қатты еркін сеніп кетсе, ол адам өте қымбат қадірді жоғалтқаны».

– Сіздің тәжрибеңізде біздің күйлерді оркестрлермен орындау барысында қиындықтар туды ма? Сізді біз классик ретінде танимыз.

Біздің қазақ мәдинеті өте бай мәдениет. Небір керемет күйлеріміз бар. Аносов мырзаның сөзімен айтқанда, кез келген дирижер егер ол мықты маман болса, оған қиын деген сөз жоқ, барлық туында жоғарғы деңгейде болуы тиіс. 

– Қазір сіз ұстаздықпен айналысасыз?

Ия мен жұмысымнан бөлек университетте дирижерлықтан сабақ берем. Ұстаздық – орны болек жол.

– Қазіргі жастар бұл мамандыққа қаншалықты кызығады. Көздері жанып мен болам деп жұлқынып тұрған оқушылырыңыз бар ма?

Мен 1997 жылы Алматыға оқуға түсуге барғанда көзім жанып, қызығып, күні-түні ізденіп, ұйықтамай ноталарды үйренген уақытым болған. Қазіргі күнге дейін мен студентпін. Жасым 44-те болса да Мәскеуде музыкалық режесурада оқып жатырмын. Біздің кезімізде оқуға түсу қиын болатын. Бүгінде заман өзгерді. Алты ай курсты оқып алады да дирижер боламын деді. Өзім дәріс беру барысында студенттеріме үнемі айтып отыратыным, ең бірінші білім керек, қызығушылық, шабыт, еңбек музыканы сезіне білу керек. Әрине, жас таланттар бар. Бірақ көбі аяғына дейін жеткізбей, орта жолдан тастап кетеді. Бұл кәсіпті меңгеру үшін еңбек ету керек. Әрдайым ізденісте болу керек. Өкінішке қарай соңғы уақытта көзі жанып, жұлқынып тұрған жас мамандар аз.  Кейде қыз балалар келеді, «ағай мен дирижер болғым келеді» деп. Дирижер әйел адамдар өте аз,ең бірінші дирижер болған Вероника Дурова Мәскеуде, бізде Райса Садықова бар. Мен оларға 10 рет ойлану керектігін, әйел адамға бұл мамандықты алып жүру оңай еместігін айтып ескертемін.  Дегенмен шыдамды, білімді, талантты жастар алып шығады.  Бүгінде дирижердың көп саны бар да, сапасы жоқ болып тұр. Менің ойымша сапасын арттыру керек. Аз болса да білікті маман болғаны дұрыс деп ойлаймын.  Дирижер бұл элита. Оған кім көрінгеннің күші мен шыдамы жете бермейді.

– Бізге келіп берген сұхбатыңызға рахмет, алдағы қойған мақсаттарыңызға шығармашылық табыстар тілейміз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға