Жаңалықтар

"Дипломмен ауылға" жобасы бойынша берілетін жәрдемақы өседі

"Дипломмен ауылға" жобасы бойынша берілетін жәрдемақы өседі
Фото: Коллаж El.kz 05.05.2023 16:10 1452

Ұлттық экономика министрлігі "Дипломмен ауылға" бойынша берілетін жәрдемақы мөлшерін өсіру туралы жоба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ұлттық экономика министрінің "Дипломмен – ауылға" жобасына қатысушыларға көтерме жәрдемақыны ұлғайту туралы бұйрығының жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.

 
Бұйрық жобасына сәйкес, жәрдемақыны 70-тен 100 АЕК-ке дейін арттыру ұсынылып отыр. Бұл 2023 жылға арналған АЕК мөлшерін есепке алғанда 345 мың теңге болады.
 
Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға берілетін бюджеттік кредиттің мөлшері бұрынғыша қалады – 1500 АЕК-ке дейін (5,18 млн теңге).
Аталған әлеуметтік қолдау шаралары денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы саласының мамандарына, сондай-ақ ауылдарға жұмыс істеу және тұру мақсатында келген мемлекеттік қызметшілерге (ауыл әкімдіктерінің шенеуніктеріне) қатысты.
Құжатты қоғамдық талқылау 2023 жылдың 22 мамырына дейін жалғасады.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға