Жаңалықтар

Дипломатияның арқасында шиеліністен шығып кеттік - Самат Нұртаза

Дипломатияның арқасында шиеліністен шығып кеттік - Самат Нұртаза
Фото: t.me/mazhilis_kz 03.01.2024 13:10 950

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза Президенттің сұхбатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың айтуынша, көп затты қамтып, талай жағдайлар туралы Қасым-Жомарт Кемелұлы ашық айтыпты.

Көптеген уайымдатып, толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алдым. Халықаралық қатынастар мен Сыртқы саясат туралы жақсы жазыпты. Ресей мен Қытай тарихи көрші, Путин мен Си Цзиньпин туралы да саяси позитивті, көрші көңілмен жеткізгені ұнады. Сыртқы саясатты нығайтып шешсек, “үй ішінде өзіміз бірдеңе қылармыз” деген ой. Осы жылдары расымен мұқият зерттесек, халықаралық аренада көптеген іс-шаралар жасалып, көптеген жоспарлар орындалды. Дипломатияның арқасында шиеліністен шығып кетіп, соғысқа салынбадық. Бұл да өнер. Бұл да Қазақ халқына Құдайдың бергені, - дейді депутат.

Сондай-ақ халықты мазалап отырған АЭС туралы да президент ашып жазғанына тоқталды.

Президентіміздің “Халық шешу керек” деген сөзі, Халықтың саяси өскенін, қоғамның шешім қабылдап, өз таңдауына жауапкершілікті ала алатынын көрсеткендей. Бұл да жақсы үрдіс. Енді әр бір Қазақстан азаматында бір дауыс, бір бюллетень. Демократия. Ең ұнағаны - кешірімділігі. Қаңтар оқиғаларынан кейін саяси қысымның орнына, керісінше либерализация бағытын ұстану - ол екінің бірінің қолынан келе бермейтін кеңдік. Саған жаманшылық тілеген, сені орныңнан қуғысы келген, саған мысықтілеу болған адамдарды эмоциямен емес, Заң шеңберінен шықпай тергеу, кейбіреуін кешіру, амнистия жасау - бұл оңай шаруа емес. Бұл жерде президенттің мәрттігі мен жеке тұлға ретінде кешірімділігін сезуге болады, - дейді мәжілісмен.

Самат Нұртаза сұхбатты қоғамға философиялық толғау ретінде, месседж кейпінде қорек болатын дүние деп атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға