Жаңалықтар

Дипломатиялық миссия басшылары Ақмола облысына барып, экоакцияға қатысты

Дипломатиялық миссия басшылары Ақмола облысына барып, экоакцияға қатысты
Фото: Ақмола облысы әкімдігі 12.05.2024 02:35 553

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен Ақмола облысындағы Қорғалжын ауылына елімізде аккредиттелген дипломатиялық миссия мен халықаралық ұйымдардың басшылары келді. Олар аймақтың инвестициялық әлеуетімен танысып, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен делегация басшылары «Дударай» стелласына 40-тан астам көшет отырғызды.

Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаевтың «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау аясында 15-ке жуық елдің дипломатиялық миссия басшылары экологиямызға үлес қосып отыр. Акцияға облыс тұрғындары да белсенді қатысуда. Бүгін «Мөлдір бұлақ» апталығы аясында су айдындары мен өзендердің жағалаулары тазартылды. Аймақтарды тазарту жұмыстары жүргізілуде, ондаған мың ағаш отырғызылды, – деді Марат Ахметжанов. 

Бұдан әрі делегация өкілдеріне Ақмола облысының инвестициялық тартымдылығы, атап айтсақ, ыңғайлы инвестициялық экожүйесі, көлік инфрақұрылымының әлеуеті, өңірдің аграрлық-индустриялық, өнеркәсіптік және туристік әлеуеті таныстырылды. 

Қазіргі уақытта Орталық техникалық режимде жұмыс істеп жатыр, инвесторларға қызмет көрсету және өңірге инвестициялық жобаларды тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ, біздің облысхалықаралық нарық бойынша және Астана нарығына жақын өз жобаларын іске асыруға мүдделі халықаралық делегациялардың Қазақстанға сапарларына шолу жасайды, –деді облыс әкімі.

Сапар аясында шетелдік қонақтар Қорғалжын қорығындағы Қызыл кітапқа енген қоқиқаздардың мекендейтін жерлерімен танысты.

Айта кетейік, қоқиқаздың әлемдегі солтүстіктегі ұя салатын орны Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағындағы ащы сулы Теңіз көлінде орналасқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға