Жаңалықтар

Диплом алып беремін деген алаяқ әйел сотталды

Фото: astana-akshamy.kz
Диплом алып беремін деген алаяқ әйел сотталды
09.06.2022 19:30 2983

Шымкентте алаяқ әйел үш жылға сотталды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғын ақша табу мақсатында екі азаматқа оқуға бармай диплом  алып беруге және емтихандарды тапсырмай өтуіне көмектесе алатынын айтып, сенімдеріне кірген. Осылайша жастардан 100 мың теңге және 70 мың теңге алған. Кейіннен оқу жылдары аралығында емтихандардан өту үшін жәбірленушілерден бөліп-бөліп, әрқайсысынан 800 мың теңгеден алып, бас пайдасына жаратқан.

«Тәртіп сақшылары шұғыл-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, куәгерлерден жауап алып, ақша аударымдары тексерілді. Нәтижесінде жедел уәкілдер оқу орнының бұрынғы қызметкері болған күдіктіні анықтап, ұстады. Ол өз ісін толығымен мойындады», - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс дәлелденіп, ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағында (Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық) көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, сот үкімімен үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға