Жаңалықтар

Діннің тұрақтылығы – мемлекеттің тұрақтылығы

Діннің тұрақтылығы – мемлекеттің тұрақтылығы
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 31.07.2023 19:45 751

Қазақстан әлемдік картадан ойып тұрып орын алған, жер көлемі мен табиғи ресурстары жөнінен алдыңғы орындағы ірі мемлекеттердің бірі. Орталық Азиядағы Қытай, Рсей сынды мемлекеттерге жол ашатын қақпа ретінде саналады. Сондықтан да біздің елде болып саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен оқиғалар күллі әлемнің назарында болмақ.

Әрине, әлеуметтік-экономикалық жағынан алдыңғы орындарға шыға алмағанымызбен рухани салада көшбасышылық рольде атқарып келеміз. Жалпы адамзаттың бір ғажайыпқа немесе тылсым күшке сенуі заңды құбылыс. Ерте ғасырларда пайда болған дін саласының адамдарды бір иедяға, бір көзқарасқа біріктіретін құбылыс ретінде қабылданғаны мәлім.

Сан ғысарлардан бері жалғасып келе жатқан көне діндердің қатарында буддизм, ислам және христиан діндері бар. Қазақстан көп этносты, көп діндерді қамтыған мемлекет.

Бір ғана ұлт тұратын мемлекетті басқару оңай болар. Алайда түрлі көзқарастар мен мәдениеттер, діни наным сенімдер қалыптасқан мемлекеттік басқару қиын екені сөзсіз.

Сонымен елдегі діни конфессиялардың қазіргі ахуалы қандай? Бұл сұраққа жауап іздеп Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері Комитетінің ресми парақшасындағы ашық ақпараттарға жүгіндік.

Елімізде 18 конфессияны қамтитын 3932 діни бірлестік тіркелген: 2790 - исламдық, 345 - православие, 93 - католик, 588 - протестант, 61 - Ехоба куәгерлері, 24 - Жаңаапостолдық шіркеу, 13 - Кришна санасы қоғамы, 7 - иудаизм, 6 - бахаи, 2 - буддизм, 2 - соңғы күнгі әулиелер Иса Мәсіхтің шіркеуі (мормондар), 1 – муниттер бар дейді. Күннен күнге саңырауқұлақша өсіп жатқан діни бірлестіктердің және оған сенушілердің саны дін саласындағы мемлекеттік саясатты  аса сабырлы түрде  ұстануы қажет екендігін дәлелдей түседі.

Бүгінде діннің мәселелері тек қана діннің мәселелері болудан қалғаны рас. Өйткені, оған саясат, саясат болғанда да үлкен саясат араласып кетті. Сол себепті қоғамда туындап жатқан діннің мәселелерін шешу үшін әр мұсылман діни сауатына қоса саяси сауаты болуы қажет.

Бұл дінді саяси мүдделері үшін пайдалануға тырысатын кейбір саясаткерлердің лас ойындарының құрбаны болып кетуден сақтану үшін ауадай қажет.

Әлем елдері дін саласын өздерінің тарихи, мәдени, экономикалық және басқа да факторларын есепке ала отырып белгілейді. Бірқатар мемлекеттерде діни билік басқарса, бірқатар мемлекеттерде дін мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде қаралады.

 Әсіресе, Еуропа елдерінде діни конфессиялармен өзара келісе отырып кең дамыған. Қазақстанның Ата Заңында «Дін мемлекеттен бөлек, мемлекет діндердің ішкі істеріне араласпайды деп нақты көрсетілген.

Алайда, мемлекеттің тұрақтылығы мен тыныштығына қауіп төндіретін, халықаралық ұйымдармен «террористік» деп есептелетін діни ұйымдардың заңсыз жолдарына тосқауыл қойып отырады.

Бұл мақсатта дін саласында атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Оның басты бағыттарының бірі ақпараттық түсіндіру жұмыстары болмақ.

 Дін істері Комитеті тарапынан  ел дамуының зайырлылық қағидаттарын ілгерілетуге, конфессияаралық келісімді нығайтуға, сондай-ақ діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған өңірлердегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіреді.

Құрамында 3028 маманы бар дін мәселелері бойынша 228 өңірлік ақпараттық-түсіндіру тобы, оның ішінде 19 – облыстарда, 46 – қалаларда, 163 – аудандарда жұмыс атқарады. 2023 жылғы 2 тоқсанда ақпараттық түсіндіру топтарының  дәріскерлері 368 мыңнан астам адамның қамтылуымен шамамен 10 мың іс–шара, оның ішінде жастар арасында 135 мың адамның қамтылуымен 2600  астам іс-шара өткізді.

Ақпараттық түсіндіру топтарының  қызметі ең алдымен халықтың мақсатты санаттарына жастар, сенушілер, жұмыссыздар, сотталғандар және олардың отбасы мүшелері, жеке кәсіп орындардың қызметкерлері, сауда, қызмет көрсету және т.б. бағытталған.

Қоғам арасында талқыға салынып жатқан мәселенің бірі діни ғимараттардың көбеюі. Дін істері Комитетінің 2-тоқсандағы мәліметіне сүйенсек, елдегі діни ғимарат саны – 3726, оның ішінде: 2788 - мешіт, 302 - православие шіркеуі, 115 - католик шіркеуі, 424 - протестанттық ғибадат үйі, 57 - Ехоба куәгерлерінің ғибадат үйі, 24 - Жаңа апостол шіркеуінің үйі, 6 - синагог, 2 - Бахаи ғибадат үйлері, 6 - «Кришна санасы қоғамы»ДБ ғибадатханалары, 2 - буддисттік ғибадатханалар бар дейді.

Оның ішінде мешіт сандарының жылдан-жалға өсіп жатқаны көрініп тұр. Әрине қоғам өкілдері арасында мешіт сала бергенше, мектеп, көпір, баспана салу керек сынды пікірлер баршылық.

Бұл бағытта Дін істері Комитеті мен Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы бірлесіп нақты жұмыстар жүргізіп жатқанын көріп отырмыз. Иә, мешіт, медреселер көптеп салынғанымен жастарға рухани тәлім-тәрбие бере алатын, діни ғылымдар мен әлеуметтік ,зайырлы ғылымды да оқытатын білікті мамандар болуы шарт. Қазіргі таңда елімізде 14 рухани оқу орны бар.

Ондағы студенттердің жалпы саны - 4395 адам. Исламдық бағыттағы 12 оқу орны бар. Олар: «Нұр-Мүбарак» университеті , 9-медресе колледжі , ҚМДБ жанындағы Имамдардың біліктілігін арттыру ислам институты , ҚМДБ қарасты Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институты аталады.

Христиандық бағыттағы  Алматы Православиелік рухани семинария және Қарағандыдағы Жоғарғы епархияаралық «Мария – Шіркеудің Анасы» рухани Семинариясы жұмыс істеп тұр. Жылына мыңдаған мамандарды әзірлеп жатқан бұл діни оқу орындарын бітірген жас ұстаздар жұмыспен қамтылды ма?

Бұл туралы өкінішке орай, мәлімет таппадық. Мемлекет қаржыландырмайтындықтан діни оқу орындарын бітірген жастар әлемуеттік жағдайға байланысты шалғай ауылдарға бара бермейді. Қала жағалап, үлкен мешіттерді торуылдап, аз-мұз нәпақамен отбасын асырап жүрген жастарды көптеп кездестіреміз.

Әрине, қоғам өкілдері оның ішінде дін саласында заңбұзушылықтар жол бермеу басты бағыттардың бірі. «Білместікпен» немесе әдейі «Қазақстан Ресупбликасының діни бірлестіктер туралы» Заңы мен басқа да құқықтық нормалаға қайшы әрекеттер қауіпсіздік органдары тарапынан дереу құрықталып, тиісті шаралар қолданылып жатқанын үнемі көріп келеміз. Жастардың миын улап, халық пен биліктің арасына іріткі салып, ұлт пен ұлыстың тұрақтылығына қауіп төндіруге әрекеттенген «пасықтардың» жолын дер кезінде кесіп, өскелең ұрпақтың санасын улауға жол бермеу мақсатында заңнаманы түсіндіру жұмыстары да жүргізіліп келеді.

 Соңғы мәліметтег сүйенсек, 2023 жылғы 2 тоқсанның қорытындысы бойынша діни қызмет саласында 57 әкімшілік құқық бұзушылық деректері анықталған, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 453, 489-баптары бойынша құқық қорғау органдары және өңірлік Дін істері басқармаларымен 17 факт анықталды.

Бүгінгі күні уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметі, ең алдымен, әкімшілік шараларды барынша азайта отырып, алдын алу-профилактикалық және түсіндіру жұмыстарына шоғырландырылған. Ақпараттық түсіндіру топтарына жұмылдырылған белгілі теологтар мен руханият саласының белсенді өкілдері ел аралап, жиындар өткізіп, дін саласындағы көкейкесті сұрақтарына жауап беруді.

Бұл мақсатта замануи технологияда кеңінен қолданылады. Әлеуметтік желілерде Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының өкілдері мен Дін істері Комитетінің мамандары тиісті түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп отырғанына куәміз.

Сонымен қатар елімізде жарық көріп жатқан немесе шетелден келіп түскен діни әдебиетті бақылау жұмыстары да оң нәтиже беруде.

Кез-келген діни материалдарға қажетті сараптама тағайындалып, дін саласында көпжылдық тәжірбиесі бар мамандар берген қорытынды негізінде діни әдебиеттің таралу тиым салынады немесе рұқса етіледі. Мысалға, 2023 жылғы 2 тоқсанда дінтану сараптамасы жүргізілген 792 материалдың 531 – оң, 118 – теріс қорытынды берілді.

 Сондай-ақ, 143 материал діни емес, шет тілдерінде және ақаулы екендігі анықталды. 309 астам интернет-ресурстың мазмұны талданды, олардың ішінен құқыққа қарсы сипаттағы материалдарды қамтитын 78 интернет-ресурсқа сілтеме аңықталды.

Қазақстан әлем елдерімен көпвекторлы саясат жүргізе отырып, толеранттылықты басым бағыты ретінде ұстанған мемлекет.

Өз жұмысында Бүкіл Ұлттар Ұйымының халықаралық құқықтық нормативтік құжаттары мен қағидаттарына сүйенеді. Дін саласындада халықаралық тәжірибеге сүйене отырып жұмыс жасаудың нәтижесінде ірі діни конфликтілік жағдайларға орын берілмеді.

Әркімнің діни нормаларды ұстануына жол берілген. Шектеу жоқ. Дегенмен әр азамат рухани құндылықтарды бойына сіңіріе отырып, сан ғасырлардан бері қалыптасқан ұлттық салт-дәстүрді басшылыққа алып, мемлекеттің жарқын болашағы, қауіпсіздігі мен тұрақтылығы, біртұтастығы үшін бірлесе еңбек ету қажет деп есептеймін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға