Жаңалықтар

Дінмұхаммед Қонаевтың өмірлік ұстанымдары

«Өмір деген осы, бүгін бар, ертең жоқсың»
Дінмұхаммед Қонаевтың өмірлік ұстанымдары
19.04.2017 17:27 6795
  • Өмір деген осы, бүгін бар, ертең жоқсың. Сен кетті екен деп өмір-өзен ағысын өзгертпейді.

  • Бозбала шағымда қара бастың қам-қарекеті болса болған шығар, бірақ ат жалын тартып мінген азамат кезден алдыма қойған бар арман, бар мақсат елмен еншілес болды, халқым. Саған қалтқысыз қызмет еттім, аманатыңа адал болдым, соңғы демім таусылғанша еліме, жеріме қызмет етуден танбаймын. Менің тірі пендеге өкпем жоқ, ал менде кеткен өкпе-наз болса, ақ басымды иіп, мың қайтара кешірім сұраймын.

  • Біріншіден, үрейден аулақ болайық. Сенім жоғалмасын. Қиыншылық деген қиюы келмейтін іс емес. Жұмыла көтерейік. Екіншіден, тату үйге тақсірет жуымайды. Бірлігіңе ие бол. Үшіншіден, өзіңе жақсылық тілесең, өзгеге жамандық қылма.

  • Орысты ренжiтсең Мәскеуге шабады, қазақты ренжiтсең қайда шабады? Өзiңнiң алдыңа айналып келедi, Асанбай. Орыстың артында тұрған Мәскеуi бар. Қазақтың артында Мәскеуi жоқ, қазақтың Мәскеуi - бiздермiз Асанбай, қолыңнан келгенше қазақты жылатпауға тырыс, қорлыққа берме. Қорлыққа көнген халық зорлыққа да көнетiн иiсалмас, ынжық болып кетедi. Ұлт өзiнiң мүддесiн өзi қорғай алатын дәрежеге жетуi керек. Кезiнде қазақтың жанын сақтап қалсақ екен дедiк қой..., бiз ол дәуiрден өттiк. Ендi қазақтың рухын, намысын сақтауымыз керек.

  • Дүние түске дейін киіз, түстен кейін мүйіз болып кетуі әп-сәтте.

  • Түсті металдар институтында оқып жүргенімде Оралдағы шахтаға барып, Павел Савельевич деген шиеттей бала-шағасы бар кісінің үйінде жаттық. Ашаршылық жылдары болатын. Сол кісі бір бөлке нанды балаларының аузынан жырып бізге берген еді. Алғашқы еңбекақымды алсам, әлгі кісінің балаларына тамақ, киім салып жіберем деуші едім. Арада екі-үш жыл өткеннен кейін, сәлемдеме жәшігімен киімдер, тамақтар салып жібердім.

  • Адамдық қалыпты биік ұстау – кімге де болса үлкен сын. Адамгершілік деген асыл қасиетті аласартып алмасақ екен. Өмір өзегі осы, азаматтық жолы да осы.

  • Жалғыз ғана көзімнің жеткені – көп уақыт билік басында болуға болмайды. Айналаңдағы адамдарды тану түйсігің жоғалады, тың ойларды түсінбейсің немесе қабылдамайсың, өзіңе өзің сын көзбен қарауды қоясың. Сосын міндетті түрде қателіктер жасайсың, әсіресе кадрлық саясатта. Негізінде айналаңа өзіңе табынушыларды емес, идея беретін ақыл-парасат иелерін жинау керек.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға