Жаңалықтар

Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 112 жыл

Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 112 жыл
Фото: Әлеуметтік желі 12.01.2024 09:50 1110
Биыл көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 112 жыл толды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Алматы қаласында туған. Қазір Алматы облысындағы Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп аталады. 2022 жылдың 3 мамырында Қапшағай атауы Қонаев деп ресми түрде өзгертілді.

1936 жылы Мәскеудің Түсті металл институтын бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған. 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигінде бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры қызметтерін атқарады. 1939 жылдан «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.

Оқи отырыңыз:

1942-1952 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. 1955-1960 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды. 1960-1986 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды.

1986 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының көтерілісі Желтоқсан оқиғасына ұласты. Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен, танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік қайраткер, нағыз ұлт қайраткері екенін көрсетті.

Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең түсініп, қолдай білді. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

Айта кетейік, Алматы қаласындағы мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың бейітін тазалап, қоршауын сырлап, бүтіндеп жүрген Қалдарбек Сраиловтың өнегелі ісі әлеуметтік желіде тарады. Жеті баланың әкесі астындағы автокөлігін Дінмұхамед Қонаев атындағы аламан бәйгенің бас жүлдесіне тігіп, үй саламын деген жер учаскесін сатып, еркін күрестен турнир ұйымдастырғанын айтты.

Сондай-ақ журналист Алия Әшім "Қонаев дәуірі" бес сериялы деректі фильмін көрерменге ұсынған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға