Діни кітаптарды заңсыз сатқан шымкенттікке айыппұл салынды
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
24.11.2022 16:06
797
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері экстремизмге қарсы іс-қимыл бағытында қарқынды жұмыстар атқаруда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Атап айтсақ, осы жылдың қараша айында Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің 40 жастағы тұрғыны ұсталды.
Ол діни мазмұндағы кітаптарды заңсыз сатып жүргені анықталды.
Аталған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-тармағы (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мамандандырылған әкімшілік сотымен жергілікті тұрғынға 50 АЕК мөлшерінде, яғни 153150 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұлттық Банк макроэкономикалық сауалнаманың нәтижесін жариялады
Келесі жаңалық
Композитор Смағұл Көшекбаевтың туғанына 120 жыл толды