Жаңалықтар

Діни бірлестіктер әлеуметтік желіде белсенді болуы тиіс

Діни бірлестіктер әлеуметтік желіде белсенді болуы тиіс
12.11.2019 16:52 2368

Өскеменде Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында облыстық этномәдени және діни бірлестік мүшелерінің съезі өтті.

Съезд шеңберінде «Қоғамда толерантты діни сана қалыптастырудағы этномәдени және діни бірлестіктердің рөлі», «Радикалды идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру» тақырыптарында өзекті мәселелер талқыланды.

Діни бірлестіктер әлеуметтік желіде белсенді болуы тиіс

Дін туралы шындыққа жанаспайтын жалған ақпараттардың таралуын қысқартуды, дінге деген көзқарасты дұрыс арнаға бұруды мақсат еткен іс-шарада «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» директорының орынбасары Равиль Юнусов бұл мақсатта этномәдени және діни бірлестіктердің әлеуметтік желілерде жұмысын дамыту керек деді. Қазіргі таңда теріс ағымдар, қате діни түсініктер көбінесе әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Дүниежүзілік ғаламтор желісіне түскен кез-келген ақпараттың сүзгіден өтпейтіні де белгілі. Съезд мүшелері бұл ұсынысты қолдап, діннің тазалығын сақтау мақсатында бір арнада, бір мақсатта жұмыс жасаудың маңыздылығына баса мән берді.

Діни бірлестіктер әлеуметтік желіде белсенді болуы тиіс

Сондай-ақ, жиында жалпы қоғамда діни сауаттылықтың артуына ықпал ететін шараларды қолға алу туралы мәселе де көтерілді. Облыстағы бірлестік мүшелері әрбір ұлт өкілінің діни наным-сенімін сыйлап, құрметтеу керек деген пікір білдірді.

Діни бірлестіктер әлеуметтік желіде белсенді болуы тиіс

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға