Жаңалықтар

Діни басқарма Рамазан айына дайындық туралы айтты

Діни басқарма Рамазан айына дайындық туралы айтты
Фото: El.kz 20.03.2023 12:30 1094
 
Бас мүфти кәсіпкерлер мен сауда орталықтарының басшыларын қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10%-ға дейін төмендетуді үндеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Орталық Азия мүфтилерімен ғалымдармен ақылдаса келе және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріле келе 2023 жылғы Рамазан айы 23 наурыз күні басталады.
Рамазан айы – өмір сүрудің тура жолдарын ажыратып, айқын дәлелдермен көрсетіп берген Құран түсіріле бастаған ай. Ортақ шешімге келе отыра, сәуір айының 17-нен 18-не қараған түні қасиетті Қадір түні. Ал 21cәуір Ораза айт мерекесі деп бекітілді. Қасиетті айда елдің беделді азаматтары мен кәсіпкерлер азық-түлік бағасын мүмкіндігінше жеңілдетулерін үндеймін, - дейді ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы.
Биылғы пітір садақасы жан басына 535тг болып бекітілді. Оның мөлшері ел бойынша 2кг ұннның ортақ бағасы негізінде қабылданды.
Мұсылман қауымын жанашыр болуға шақырамыз. Пітір садақа беру әрбір мұсылманның парызы. Респулика бойынша тауар бағасын зерттей келе садақа мөлшері бекітілді. Негізінен садақаға бидай, ұн, мейіз - 2кг, арпа, құрма - 4 кг беруге болады. Біз қолжетімді ұнның ортақ бағасымен қабылдадық, - деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Шоканов.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы зекет және қайырымдылық қоры «Шарапатты разаман», «Рамазан қоржыны», «Рамазаннан тәбәрік» сынды ауқымды республикалық қайырымдылық шараларын ұйымдастырады. Бас мүфти барлық мұсылманды ат салысуға шақырды.

Еске саламыз, егер ораза немесе жалпы діни мәселеге қатысты сұрақтар болса, дәни ақпарат беру орталығына хабарласуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға