Жаңалықтар

Діни алауыздықты қоздырды деген күдікті Ресейден қайтарылды

Діни алауыздықты қоздырды деген күдікті Ресейден қайтарылды
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 13.09.2024 10:38 474

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары өткізген бірлескен іс-шаралардың нәтижесінде діни алауыздықты қоздырғаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Ресейден қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күдікті 2016-2017 жылдары Алматы қаласында бірнеше рет діни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың діни сезімдерін қорлауға, азаматтардың дінге деген көзқарасы негізінде олардың эксклюзивтілігін, артықшылығын және кемістігін насихаттауға бағытталған әрекеттер жасаған.

Бұл қылмыстың өзге де қатысушылары әртүрлі жауаптылыққа тартылды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланды.

Осыдан кейін, 2017 жылы күдікті Мәскеуде қарақшылық жасап, сотталған.

Ресейде жазасын өтегеннен кейін аталған адам қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға қайтарылды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға