Динара Сәдуақасованың өмірлік ұстанымдары
27.04.2017 09:32
4822
- Шахматпен алғаш бес жасымда таныстым. Ол менің хоббиім ғана еді. Алдыма биік мақсаттар қоймаған болатынмын. Халықаралық аренадағы алғашқы жетістігімнен соң, биіктерді бағындыра алатынымды түсіндім. Әлем чемпионы боламын деп талап қойдым.
- «Тыныш жүрсең – ары қарай жылжи бересің» дегендей, тура ұмтыла берсең, өз мақсатыңа жетпей қоймайсың. Ең бастысы, тек қана алға!
- Арманым – ерлер арасындағы әлемдік шахмат элитасына қосылғым келеді!
- Елдің және ұлттың рухани дамуы – барлығымыздың алдымызда тұрған міндеттердің бірі. Жеке адамдардың емес, барлық халықтың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату арқылы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуге болады.
- Ынта, табандылық және мақсатқа талпынушылық білдірген әр адам жоғары жетістіктерге жете алады.
- Әр жеңістен кейінгі сезімді сөзбен жеткізе аламаймын. Мен бүгінгі жеткен жетістіктеріммен тоқтап қалмақ емеспін. Әлемдік бәсекелерден жүлдемен оралу үшін барымды саламын.
- Өміріме шахматтың тигізіп жатқан әсері көп. Алдағы бір-екі қадамыңды бұрынырақ ойланып басасың. Өз ойымда арнайы жоспар құрып жүремін, бірінші мынаны істейін, келесі мынаны деген секілді. Мұның өмірімде пайдасы зор. Тәртіпке бағынып, өмірде күрескер боласың. Себебі, шахмат – спорт және пайдалысы.
- Менің кітабымнан кейін шахматпен айналысатын балалар көбейді. Елімізде шахматқа жаңа тыныс сыйлағаныма қуаныштымын.
- Азаматтығын ұсынатын мемлекеттер болған, әлі де бар. Бірақ, мен Қазақстанда туылдым. Өз елімді ешқашан тастап кетпеймін.
- Өзімді қай шахмат фигурасына теңерімді білмеймін. Ферзь – мықты фигура. Барлық жақа қарай жүретін мүмкіндікке ие, ат та өзінің жүрісімен ерекшеленеді. Дегенмен, қазір өзімді 7-ші горизантальда тұрған пешкаға теңер едім. Ханшайымға айналуым әлі алда деп есептеймін.
- Кумирім жоқ, Гарри Каспаров, Магнус Карлсонды үлгі тұтамын, олардың ойын тәсілдері көбірек ұнайды.
- Әр жыл шахматшы үшін өте маңызды. Адам өседі, есейеді, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Мен үшін өткен жылдар көп нәрсені үйретті, тәжірибем толысты, мінезім қалыптасты.
- Мен өзімді тек шахматпен шектемеймін. Түрлі бағытта өзімді дамытқым келеді. Тілдерді оқимын, өзімді-өзім кемелдендіруге тырысам. Араб тілін үйреніп жүрмін, кәріс және француз тілдерін де меңгергім келеді.
- Маған əртүрлі ғылымдар ұнайды. Болашақта шахматтан бөлек, ізгі ниет елшісі болғым келеді. Ал əзірге шахматпен айналысып, Қазақстан атын халықаралық аренада таныта бермекпін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бейбіт күннің батыры