Жаңалықтар

Динара Зәкиева 10 жасар қыздарға хат жазған блогерге қатысты мәлімдеме жасады

Динара Зәкиева 10 жасар қыздарға хат жазған блогерге қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Видеодан кадр 11.01.2025 15:47 121

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева блогер Құлпынай Қалменова жариялаған ер адамның кәмелетке толмаған балалармен (10-11 жас) хат алмасуы мен орынсыз әрекеттері туралы ақпаратқа қатысты мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған жағдай бойынша мен және заңгер кеше блогермен байланысқа шықтық. Қалалық прокуратурамен бірге процестік шешім қабылдау мәселесі бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Уәкілетті органдармен бірлесе отырып, балалардың құқықтарын қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз, - деп жазды ол.

Сонымен қатар, ата-аналарды қырағы болуға шақырды. Баланың кіммен араласатынын әрдайым бақылап, оған қауіп-қатерлер, соның ішінде әлеуметтік желілердегі қауіптер жайлы айтып отыру, сондай-ақ 2023 жылдың қыркүйегінде мектептерде енгізілген қауіпсіздік сабақтары аясында қаралатын тақырыптарды талқылау маңызды. Балалардың қауіпсіздігіне қатысты кез келген күмәнді жағдайларды 102 немесе 111 нөмірлеріне хабарлау қажет.  

Еске сала кетейін, өткен жылы қабылданған әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заң аясында он алты жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиісу үшін жаңа қылмыстық бап енгізілді. Аталған бап бойынша маусым айынан бері 33 қылмыстық іс тіркелді, бұл осындай әрекеттер үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуге және ауыр қылмыстардың алдын алуға мүмкіндік береді, - деп жазды Динара Зәкиева.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға