Динара Сәтжан Роза Рымбаевамен бірге үлкен жоба жасайтынын айтты
24.01.2024 17:09
Фото:
instagram.com/dinarasatzhan
Отандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан әлеуметтік желіде Халық әртісі Роза Рымбаевамен суретін жүктеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тележүргізуші Роза Рымбаеваның сахнада жүргеніне 50 жыл болғанын жазды.
Үлкен сахнада жүргеніне 50 жыл болды. Сонау 1974 жылы Рымбаева өзінің музыкадағы алғашқы қадамын жасады. Ал 1975 жылы Әскери әндер байқауында бүкілкеңестік танымалдылыққа ие болды, - деді Сәтжан.
Бұдан бөлек тележүргізуші 2024 жылға жоспарын айтты.
Аңыз адам, нағыз әншімен көлемді сұхбат жасағым келеді, - деді ол.
Роза Рымбаева есімі әнші Роза Бағланованың құрметіне қойылған. Роза Қуанышқызын Қазақстанның «Алтын дауысы» деп те атайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

