Жаңалықтар

Динара Сәтжан мен Қарақат Әбден аязды күні өзен суына түсті

Динара Сәтжан мен Қарақат Әбден аязды күні өзен суына түсті
Фото: Бейнежазбадан алынған кадр 19.01.2023 18:47 1519

Тележүргізуші Динара Сәтжан мен ел президенті лауазымына кандидат болған Қарақат Әбден аязды күні арнайы ойылған ойықта суға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бейнежазба Динара Сәтжанның Instagram парақшасында жарияланды. Кадрда екеуінің мұзды суға түскенін, ал Қарақат Әбденнің судан шыққан соң қарда жалаңаяқ жүргенін көруге болады.

«Қарақат Әбден – 23 жылдық тәжірибесі бар морж. Біз бүгін сұхбат ұйымдастыруды жоспарлаған едік. Бұл күн 18 қаңтармен, яғни крещение іс-шарасымен тұспа-тұс келді. Бұл менің алғашқы тәжірибем. Шынымды айтсам, маған ұнады. Контент үшін не істемейміз.Тек қауіпсіз және рұқсат етілген орындарда шомылу керек!» - деп жазды Динара Сатжан.

Осыған дейін хабарлағанымыздай 18-20 қаңтар күндері аралығында Астанада Православие шіркеулерінде крещение іс-шарасына орай жаппай шомылу рәсімі өтіп жатыр.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға