Дина Исламбекова Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

 ҰОК
Фото: ҰОК

 Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан  Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін әйелдер арасындағы финалдық кездесулер бастады. 

Аса ауыр салмақта бақ сынайтын (+80 кг) Дина Исламбекова шешуші кезеңде Альфия Тараннум Хан Патанмен (Үндістан) жұдырықтасты. Бес раунд нәтижесінде отдандасымыз басым түсті. Есеп: 5-0.

Дина бірнеше күн бұрын жартылай финалда өзбек боксшысын 5-0 есебімен жеңген. Айта кетейік, Тараннум Хан Патан – жастар арасындағы әлем чемпионы (2021 ж), Азия чемпионы (2022 ж). 

Осылайша, Қазақстан әйелдер командасы Моңғолиядағы чемпионатты 2 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлдемен аяқтады.  Надежда Рябец (-80 кг) алтыннан алқа тақса, Бақыт Сейдіш (-70 кг) күміс еншіледі. 
Бұған дейін Әйгерім Сәттібаева (-48 кг) мен Валентина Хальзова (-75 кг) қола жүлдегер атанған.

Енді 10 сәуірде ерлер арасындағы финалдық кездесулер өтеді. Онда ел атынан 5 былғары қолғап шебері күш сынасады. Олар: Оразбек Асылқұлов (-60 кг), Төрехан Сабырхан (-70 кг), Сабыржан Аққалықов (-75 кг), Нұрбек Оралбай (-85 кг) және Айбек Оралбай (+90 кг).

Оқи отырыңыз