Жаңалықтар

«Димаштың өнері біріктірді». Италиялық басылым қазақ баласы туралы мақала жазды

«Димаштың өнері біріктірді». Италиялық басылым қазақ баласы туралы мақала жазды
Фото: мақаладан скриншот 17.10.2024 12:14 151

Италияның «Pensiero» басылымында Димаш Құдайберген туралы көлеміді мақала жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тарих, мәдениет, әдебиет және философия туралы жазатын басылымда жарық көрген мақала «Димаш Құдайберген. Шығыс пен Батыстың арасы. Астанаға баруға тұратын сирек кездесетін дауыс иесі» деп аталады. 

Әлемнің сексен елінен келген қырық мың адамды Димаштың өнері біріктірді! Концерттегі атмосфераны сөзбен жеткізу мүмкін болмас. Бірдей жылдамдықпен соғып жатқан көп жүрекпіз. Димаштың әр концерті бұрынғыларына ұқсамайтын ерекшелігімен есте қалады. Біз өзімізді тілдеріміздің әртүрлілігіне қарамастан БҰҰ-ның штаб-пәтерінде тұрғандай сезіндік, - делінген мақалада.

Мақала «үш жарым сағаттық шоудан кейін Димаш көрермендерінің алдында басын иіп, алғыс білдірді. Біз оның керемет әндерін одан әрі тыңдай беруге қарсы емеспіз» деген жолдармен аяқталады. Автор Димаштың өнеріне жоғары баға берген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға