Димаштың жанкүйерлері су тасқынынан зардап шеккен бразилиялықтарға көмектесті
12.07.2022 20:51
Фото:
24.kz
Димаш Құдайбергеннің фан-клубы Бразилияда су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға азық-түлік таратты, деп хабарлайды El.kz dimashnews-ке сілтеме жасап.
Димаш Құдайбергеннің Бразилиядағы фан-клубы су тасқынынан зардап шеккен адамдарға көмек көрсету үшін маусым айында қайырымдылық акциясын бастаған. Олар бір апта ішінде 1 450 реал (130 500 теңге) жинап, азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі құралдар сатып алады.
3 шілдеде фан-клуб мүшелері Ясмим Габриэлли мен зорая Альвес Пернамбуку штатының Игарасу қаласындағы 26 отбасына көмек себеттерін тапсырды. Әншінің жанкүйерлері мұқтаж жандарға қамқорлық жасау бұдан былай да жалғасатынын айтады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

