Жаңалықтар

Димаштың Алматыда өтетін концертіне 36 елден тыңдармандар келеді

Димаштың Stranger концерті 2022 жылдың 23 қыркүйегінде Алматы қаласының Орталық стадионында өтеді
Димаштың Алматыда өтетін концертіне 36 елден тыңдармандар келеді
Фото: kaz.orda.kz 16.07.2022 20:56 1766

14 шілдеде әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концертіне билет сатыла бастады, – деп хабарлайды El.kz.

 Dimashnews.com ақпараты бойынша, алғашқы 15 минут ішінде әртістің 36 елдегі жанкүйерлері билет сатып алған. Димаш өзінің Instagram ресми аккаунтында Dears-ке алғысын жеткізіп, оларды туған елінде асыға күтетінін айтты.

– Билет сатылымы басталғаны хабарланған соң 15 минут ішінде әлемнің 36 елінен тыңдармандарым билет сатып алды. Бүгін – билет сатылымының екінші күні. Одан да көп қонақтар болады деп үміттенемін. Мені қолдағандарыңызға көп рақмет! Баршаңызды жақсы көремін. 23 қыркүйекте Алматыда кездескенше! – деп жазды әнші.

Димаштың Stranger концерті 2022 жылдың 23 қыркүйегінде Алматы қаласының Орталық стадионында өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға