Димаштың халықаралық жобасының түсірілімі Алматы аумағындағы туристік орындарда өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Димаш пен Hunan Broadcasting System (ҚХР) бірлесе қолға алған халықаралық телевизиялық жоба Қазақстанның көрнекті туристік орындарын әлемдік аудиторияға ұсынады. Алматы мен Алматы облысы «Voice Beyond Horizon» түсірілімінің келесі локацияларына айналды.
Түсірілім мегаполис пен Алматы облысының танымал туристік орындарын қамтыды. Шетелдік көрермендер су астындағы қылқан жапырақты орманы бар Қайыңды көлін, UNWTO Дүниежүзілік туристік ұйымы тарапынан әлемдегі үздік туристік елдімекеннің бірі атанған Саты ауылын, Қапшағай су қоймасын көре алады. Алматының өзінде түсірілім Арбатта, Көк базарда және метрода өтті.
Жобаға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербиядан келген орындаушылар қатысады. Әртістердің өнерін халықаралық қазылар алқасы бағалайды.
«Voice Beyond Horizon» музыкалық жобасы әр түрлі елдердің әртістерін біріктіріп, Қазақстанның табиғи ландшафтары мен туристік әлеуетін көрсетеді. Түсірілім Түркістан, Маңғыстау, Алматы және Ақмола облыстарында, Алматы қаласында өтті. Халықаралық жобаның ақтық кезеңі Астанада өтеді.
Жобаға Туризм және спорт министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы және өңірлік әкімдіктер қолдау көрсетіп жатыр.
Димаш Құдайбергеннің халықаралық жобасы Алматыда түсірілді
27.09.2025 10:55
Фото:
Туризм жəне спорт министрлігі
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

