Димаш Құдайбергенге түрік ұлттық музыкалық аспабы сыйға тартылды
08.05.2023 06:19
Фото:
Dimashnews.com
Түркияның Анталия қаласында қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергенге сол елдің ұлттық аспабы тарту етілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.
Өткен жылы қыркүйекте Алматыда тұсаукесері өткен Димаштың «Stranger» жеке концертінің бағдарламасы әлемге таратыла бастады.
Қазақстанмен бауырлас ел Түркия 6 мамырда алғаш рет қазақстандық орындаушының ауқымды шоуы өтті.
Димаштың жеке концерті Antalya Expo Kongre Merkezi-нде өтті.
Шоуға әлемнің 44 елінен көрермендер барып, әртістің қазақ тілінде орындаған композицияларымен қатар ағылшын, испан, итальян, орыс, француз, қытай және жапон тілдеріндегі әндерін тыңдады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

