Димаш Құдайберген жаңа образымен көпшілікті тәнті етті
16.07.2025 20:41
Фото:
instagram.com/kudaibergenov.dimash
Әлемге танымал қазақ әншісі Димаш Құдайберген жаңа түсірілім алаңынан кадрлар жариялап, көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әдетте сахна мен бейнебаяндарда романтикалық бейнелерде көрінетін Димаш бұл жолы батырдың темір сауытын киіп, мүлде басқа – қайсар да айбынды жауынгер кейпіне енген. 16 шілдеде Instagram парақшасында жариялаған фото мен видеоларында ол қылышпен шебер жұмыс істеу өнерін көрсетіп, батыл әрі қатал кейіпкерге айналды.
Түсірілімнен сәлем, – деп жазды Димаш өзінің жазбасында.
Жанкүйерлер де әншінің жаңа образына жоғары бағасын беріп жатыр.
- «Біріншікөргенде сені танымай қалдым!»
• «Біздің нағыз жауынгеріміз»
• «Мынау деген керемет қой... қандай батыр!»
• «Сөз жоқ... Ол бәрін жүрегімен сезеді»
• «Нағыз сымбатты жауынгер!»
• «Патшалығыңа қалай жазылуға болады?»
• «Бір үлкен дүние дайындалып жатқан сияқты. Тағы да таңғалдырды. Нағыз жауынгер»
• «Саған бағынбайтын ештеңе жоқ шығар...».
Посмотреть эту публикацию в Instagram
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

