Димаш Құдайберген тыңдармандарын жаңа жылмен құттықтады
01.01.2024 22:05
Фото:
Видеодан кадр
Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Қазақстан халқын және әлемдегі барша тыңдармандарын мерекемен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Димаш Ақордада симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен Қазақстан әнұранын орындаған видеосын Instagram парақшасында жариялады.
Құрметті достар, Сіздерді Жаңа 2024 жылмен құттықтаймын! Аспанымыз ашық, жүрегіміз шатыққа толы болсын. Жаңа жылдағы бастамаларыңыз сәттілік әкелсін! Жан-дүниеміз тұрақтылық пен сенімділікке, шабыт пен арман сезімдеріне толы болсын. Осы рухани отбасылық мерекеде тілеген барлық тілектеріңіз орындалсын! Қымбатты жерлестер және әлемнің әр түкпіріндегі достарым сіздерге денсаулық пен махаббат тілеймін! Жаңа жылдарыңызбен!, - деп жазды әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

