Димаш Құдайберген Түркия телеарнасына эксклюзивті сұхбат берді
02.05.2024 09:22
Фото:
instagram.com/kudaibergenov.dimash
Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген өзінің 30 жасы қарсаңында Түркия телевидениесіне эксклюзивті сұхбат берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
30 жасқа толуыма орай Ыстамбұлда беретін концертімнің қарсаңында түркиялық телевидениеге эксклюзивті сұхбат бердім. Сұхбаттың толық нұсқасын менің YouTube арнамнан көре аласыздар, – деп жазба қалдырды әнші.
Димаш сұхбатында карьерасын қалай бастағанын, «Жас Қанатқа» қатысу арқылы Отанында қалай танымал болғанын, шетелдегі танымалдылығы жайлы айтты.
Өнер иесінің тыңдарманы әншіге қолдау көрсетіп, Ыстамбұлдағы концертін асыға күтіп отырғанын жазып жатыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

