Димаш Құдайберген қытайлық реалити-шоудың атқарушы продюсері атанды
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайда жаңа музыкалық реалити-шоудың атқарушы продюсері болмақ, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жаңа қызметі жайлы әнші өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді. Ол Hunan TV медиахолдингі мен бас менеджер Цай Хуайцзюньмен келісімшартқа қол қойып, жаңа жобаны іске қосатынын жариялады. Жоба музыкалық реалити-шоу форматында өтпек.
Шоу бүкіл әлемге көрсетіліп, миллиондаған көрерменге жаңа дауыс пен Қазақстанның бірегей мәдениетін таныстырады, – деп жазды Димаш.
Әншінің айтуынша, жобаға әртүрлі елдердің вокалистері қатысып, түсірілімдер Қазақстанның төрт өңірінде өтеді. Алайда қай тарихи орындар көрсетілетіні әзірге құпия болып қалды.
Бұдан он жылға жуық уақыт бұрын Hunan TV арнасындағы «Мен – әншімін» жобасымен үлкен сахнаға жолым басталды. Бүгін мен жаңа рөлде – халықаралық шоу авторы ретінде қайта оралып отырмын, – деді Құдайберген.
Бұған дейін отандық әншінің концерті Мехикода өтетіні туралы жазғанбыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

