Жаңалықтар

Димаш Құдайберген Қытайдың «Singer 2024» байқауында өнер көрсетеді

Димаш Құдайберген Қытайдың «Singer 2024» байқауында өнер көрсетеді
Фото: Әлеуметтік желі 24.07.2024 20:10 471

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қытайлық Хунань телеарнасының «Singer 2024» ән байқауының ақтық бәсекесінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Singer 2024» жобасының ақтық бәсекесі 26 шілде күні тікелей эфирде көрсетіледі. Қытайлық HUNAN TV телеарнасының тікелей эфирінде өтетін байқауда қазақстандық әнші құрметті қонақ ретінде сахнаға шығып, «Singer 2024» байқауының қатысушысы Шанте Торрейн Мурмен бірге ән шырқайды.

Байқау шартына сәйкес, финалистер бірінші кезеңде арнайы шақырылған әншілермен жұптасып ән шырқайды. Ал екінші кезеңге жолдама алған төрт әнші жекелей сында өзара мықтыны анықтайды.

Айта кету керек Димаш Құдайберген «Singer 2017» байқауында екінші орын иеленген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға